ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

«СМЭУ Астана» ЖШС-мен Қазақстандық нарықта жолда жүру ережелерінің бұзушылықтарын бақылау бойынша жаңа технологиясын сәтті енгізді. Бүгінгі таңда Астана қ. микроэлектроника және технологиялар индустриясы саласындағы жылдамдықты шектеулерін бұзуды бақылау жүйесінің секторында жетекші ағылшын жеткізушісі - Red Speed International Limited компаниясы өндірген 57 (елу жеті) жылдамдық өлшеуіш құрастырылып, қолданысқа енгізілді. Жылдамдық өлшеуіштер Астана қаласының анағұрлым жанданған тораптарында және қала жол айрықтарында орналасқан.

«СМЭУ Астана» ЖШС Қазақстанның аумағында келесі қалаларында 80 (сексен) жылдамдық өлшеуішті орнатып, қолданысқа енгізді:

  • Атырау – 7 жылдамдық өлшеуіш;
  • Шымкент – 22 жылдамдық өлшеуіш;
  • Қызылорда – 6 жылдамдық өлшеуіш;
  • Павлодар – 14 жылдамдық өлшеуіш;
  • Қостанай – 10 жылдамдық өлшеуіш;
  • Орал – 6 жылдамдық өлшеуіш;
  • Тараз – 4 жылдамдық өлшеуіш;
  • Петропавловск – 14 жылдамдық өлшеуіш;
  • Ақтөбе – 2 жылдамдық өлшеуіш.

 

violation 1

Жылдамдық өлшеуіштер – адамның қатысуынсыз жұмыс жасайтын, жол шетінде, реттелетін жол қиылыстарында бағдаршам белгілерін және жылдамдық шектеулерін сақтауды бақылауға арналған стационарлық жабдық. Жүйе жасыл және сары белгісіне жылдамдық шектеулерін бұзушылықтарды, қызыл түске өтіп кетуді анықтайды. Қозғалып келе жатқан көлік құралдарының жылдамдығы жол жабынына орнатылатын Piezo тетіктері арқылы өлшенеді. Көлік құралы жылдамдықтың ұйғарынды шегінен асып кетсе, үш түсірілім жасалады, бірінші – бұл көлік құралының нөмір белгісін ұлғайтып көрсету, екінші жалпы сурет, ол автокөлік маркасын, моделін, түсін көрсетеді және бұзушылық туралы мәліметтерді көрсетеді. Содан кейін жүйе көліктің жылдамдығына пропорционал мерзіміне үзіліс жасайды, және үшінші рет түсірілім жасайды, сондай-ақ кадрлар арасында үзіліс уақыттарын көрсете отырып, кең ауқымды кескін жасайды.

RedSpeed жүйесі жүргізетін, кескіндерімен бірге жазылатын соңғы екі кескін жазу мезетінде машина қозғалыста болғанын дәлелдеу үшін пайдаланылуы мүмкін және ол мыналарды қамтиды:

  • Объектіні сәйкестендіру, атауы және орналасуы
  • Күні және уақыты
  • Қатар және бағыт нөмірі
  • Бұзушылық және кадр нөмірі
  • Қызылға өтіп кету уақыты (RedGuard жүйесі)
  • Сары белгінің қосудың алдыңғы уақыты (RedGuard жүйесі)
  • Жылдамдық (SpeedCurb жүйесі)

violation 2
Три вида снимка скоростемера

Бұл ақпарат хабарламаның аутентификация кодтарының көмегімен шифрланады, содан кейін орталық компьютерге жіберу үшін дайын күйде сақталады. Жарқылдың кіріктірілген модулі түнгі уақытта жұмыс жасауын қамтамасыз етеді және үш импульсті шамды пайдаланады. Бұл түсірілім арасындағы уақыт жалғыз жарқылды пайдалануға қарағанда аз, себебі ереже бұзушылардың импульстік шамды қайта қуаттау үшін уақыт қажет емес.

Жұмыстың өлшенетін параметрлері:

  • Жарқылды баптау
  • Жылдамдық межесі
  • Қызылға өтіп кету уақыты
  • Жұмыс кадрлары қатарынан таңдау
  • Статистика – көлік ағынын пайдалануға шоу
  • Жүйелік дабылдама.

 

RedGuard ™ - Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетуді бақылау жүйесі

Бағдаршам белгілерінің жағдайы үздіксіз бақыланады,ал оларды қосу уақытын жүйе жазып алады. Қызыл белгі анықталған жағдайда таймер қосылады. Есеп бағдарламалаған «қызылға өту уақытынан» асып кеткен жағдайда екі жол кескіні қозғалып кел жатқан көлік құралдарының болуына бақыланды. Осындай анықталған жағдайда бағдарлама бұзушылықты түсіру режиміне өтеді, содан кейін кең ауқымдағы екі сурет және көлік құралының бір ұлғайтылған кескіні жазылады.

violation 3

Қызыл түске жүру кезінде бұзушылықты бекіту

 

SpeedCurb ™ - Жылдамдықты шектеу бұзушылықтарын бақылаудың жүйесі

Бақыланатын жол кескіндісінен өтетін көлік құралдарының жылдамдығы жол жабынының бетіне орнатылған пьезоэлектрлі тетіктермен өлшенеді, сондай-ақ біздің жүйе межеден тыс басқа әдістерді пайдалану үшін бейімделуі мүмкін. RedSpeed бағдарламасы әр жылдамдық тетігінен түсетін белгілерді үздіксіз бақылайды. Синхрондау процессорынан синхрондау көрсеткіштері түскенде олардың нақтылығы,реттік нөмірі тексеріледі және әрекет ету уақыты тетіктер арасындағы қашықтықтың сақталған мәндерін пайдалана отырып, жылдамдық көрсеткішіне айналады. Егер алынған жылдамдық ұйғарынды межеден асып кеткенде, көлік құралының қатысу кескіні одан өткен уақытта бақыланады. Сонымен қатар, қатысу кескіні бұзушы көлік құралының үш кескінін жасау үшін бұзушылықтарды бақылау жүйесі қосылады.

violation 4

Жылдамдық режимінен асыру кезіндегі бұзушылықты бекіту

Жіберу

Сандық технологияны пайдалану мәліметтерді беріліс желісі арқылы минималды үзіліспен, бұзушылық жасалған соң екі минут ішінде автоматты жинауға және жіберуге мүмкіндік береді. Мәліметтер шифрланған соң бірден кез келген байланыс хаттамасы арқылы операциялық бөлімге жеткізілуі мүмкін.

  • * PSTN
  • * ISDN
  • * ADSL – серіктік, оптикалық талшықты және АЖЖ-қатынасты қамтиды.

 

RedSpeed ™ сыртқы станциясы

RedGuard және SpeedCurb жүйелерінің барлық жабдықтарын қамтиды. RedSpeed сыртқы станциясы мыналарды қамтиды:

  • Бұзушылықтарды орнында сақтау үшін алынатын қатқыл диск немесе WORM оптикалық дискі (шетелдік елдерге арналған нұсқасы),
  • Бұзушылықтар туралы мәліметтер автоматты түрде WORM немесе ауыспалы тасымалдаушыларға сақтау үшін Жергілікті станцияларға жіберіледі (Біріккен Корольдікке арналған нұсқасы)
  • Бұзушылықтарды екі жеке камерадан бір Сыртқы станциядан бақылау мүмкіндігі (шетелдік елдерге арналған нұсқасы)
  • Нөмір белгісін автоматты тану (шетелдік елдерге арналған нұсқасы)
  • Бұзушылықтарды көлік құралдарының алдынан немесе артынан жазу мүмкіндігі (шетелдік елдерге арналған нұсқасы)
  • Бұзушылықтардың жедел түсірілімін қамтамасыз ететін жарқылға арналған ерекше жабдық
  • ISDN, PSTN немесе ADSL-ға шифрланған суреттерді немесе мәліметтерді жіберу үшін байланыстыру мүмкіндігін беретін бұзушылықтарды өңдеу сервері, жіберудің және өзгертудің барлық пәрмендері шифрланады.

RedSpeed жергілікті станциясын бағдарламалық қамсыздандыру

RedSpeed ™ бағдарламалық қамсыздандыруы ДК-ны Windows XP Professional операциялық жүйесімен пайдалану үшін жобаланған. Ол жүйені орталықтандырылған бақылауы мен басқаруын қамтамасыз етеді, ал оның түсінікті графикалық интерфейсі пайдаланушыға үнемі жұмысқа дайын болу мүмкіндігін береді. Жергілікті станция мынадай қызметтерді қамтиды:

  • Жол объектісінен бұзушылық туралы суреттер мен мәліметтерді автоматты шығарады және оны жергілікті мәліметтер базасында сақтайды
  • Жұмыс өлшемдерін – мысалы, қызылға өтіп кету уақытын өзгерту үшін объектіге алыстан қатынау мүмкіндігін береді
  • Түсірілген бұзушылықтарды қарауға және басып шығаруға мүмкіндік береді
  • Кескіннің сапасын арттырудың кіріктірілген функциясы, мысалы, жарықтығы және кереғарлығы
  • Алынатын қатқыл дискі – мысалы, Iomega Jaz Disk немесе оптикалық дискі
  • Нөмірлік белгіні автоматты тану
  • Мәліметтер базасы бойынша іздеу мүмкіндігін ұсынады – мысалы, өткен аптада барлық объектілерден қызылға уақыт бойынша 10 секундтан артық өтіп кету кезінде қызыл түске өтудің барлық жағдайлары
  • «Байланыс парағы» мәліметтер базасының таңдалған бөліміне жылдам визуалды шолу жүргізу мүмкіндігін береді
  • Мәтіндерді өңдеудің стандартты пакеттерімен синхрондау желісі арқылы Жаза қолдану ниеті туралы хабарландыруды басып шығарады
  • Объектіден тұрақты ақпаратты алады, соның ішінде:
    • көлік құралдарының жалпы саны
    • Бұзушылықтардың саны
    • Жылдамдық бейіні (уақыт бөлігі ішінде көлік құралдарының орташа мәні бойынша гистограмма)
    • Бұзушылықтардың бейіні (осы уақыт ішіндегі бұзушылықтардың гистограммасы).

 

«СМЭУ Астана» ЖШС қызметінің осы бағыты бойынша Астана қ. Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасының өкілдерімен белсенді әріптестік етеді, яғни жылдамдық өлшеуіштердің жылдамдықты шектеу бойынша бекітілген және бағдаршамның «қызыл» белгісіне өтіп кету бойынша жүріп келе жатқан автокөліктің бұзушылықтары туралы ақпаратты күнделікті Астана қ. ІІД ЖПБ серверіне күнделікті жібереді. Астана қ. ІІД ЖПБ оны аналитикалық талдауды, мұрағаттауды, сақтауды іске асырады және ең бастысы, бұзушылықтар туралы алынған ақпарат негізінде Астана қ. ІІД ЖПБ қызметкерлері жылдамдықты асыру және бағдаршамның «қызыл» белгісіне өтіп кету үшін бұзушыларға айыппұл салады.

Жүйеде шешілетін жедел міндеттер

  • Жол қозғалысы ережелерін бұзу саласында шешімді қамтамасыз ету:
    • Сандық кескіндер
    • Жылдамдықты анықтау
  • Астана қ. аумағында жол-көлік бұзушылықтардың алдын алу, сақтандыру және алдын кесу
  • Астана қ. жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету
  • Жол-көлік оқиғаларының азайғанын қолдайды
  • Ереже бұзушыларды жазалау мақсатында пайдалану және өңдеу үшін алынған ақпаратты жазу және мұрағаттау.

 

Осылайша, жылдамдық өлшеуіш жол-көлік бұзушылықтардың жалғыз куәгері болып табылады және жол-көлік бұзушылықтарының жалпы санын азайтуға септігін тигізеді.