ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

«СМЭУ Астана» ЖШС «Интегра-КДД» жол қозғалысын бақылаудың және бұзушылықтарды бекітудің жүйесін енгізіп, сәтті пайдалануда. Ол астананың негізгі қиылыстарына орнатылып, көлік торабын қиып өтетін әр көлік құралы туралы барлық ақпаратты Жедел басқару орталығына жібереді, онда жүйе шынайы уақыт режимінде полицияның көлік құралдарының мәліметтер базасы бойынша іздестіру немесе жедел бақылау нысанына автоматты іздеуді орындайды.

Барлық бекітілген бұзушылықтар ІІД ЖПБ Процессингтік орталығына жіберіледі, содан кейін олар жол ережелерін бұзушылардың үй мекенжайына жолданады.

«Интегра-КДД» енгізу негізгі көлік тораптарында жол қозғалысының қауіпсіздігін елеулі арттырды, себебі Жүйе автоматты режимде адамның қатысуынсыз:

  • бағдаршамның тиым салу жарығына өтіп кету, бағдаршамның тиым салу жарығына тоқтау сызығынан басып өту;
  • көлік құралының тұтас сызықты қиып өтуі немесе қозғалысы, автокөліктің қарсы қозғалыс жолағына шығып кетуі;
  • тиісті емес орында тұру (тоқтау), жол белгілерінің немесе жолдың өтетін бөлігіндегі белгілердің ұйғарынды талаптарын сақтамау фактісін бекітіп алу;
  • теміржол өткелдерінен өту ережелерін бекіту;
  • мемлекеттік нөмірін анықтай отырып, өтіп жатқан КҚ бекіту;
  • жергілікті МБ-да өтіп жатқан КҚ туралы ақпаратты сақтау;
  • жергілікті мұрағаттан жүріп өткен КҚ ыңғайлы қарау мүмкіндігі;
  • КҚ танылған нөмірлерін ЖЖЕ бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларды анықтау үшін ІІД ЖПБ ПО жергілікті мәліметтер базасы бойынша тексеру және оларға заңда көзделген шараларды қолдану;
  • жылдамдық режимін бұзуды бекіту (опционалды) секілді қауіпті бұзушылықтарды анықтауға және бекітуге қабілетті.


«СМЭУ Астана» ЖШС «Интегра-КДД» жол қозғалысын бақылаудың және бұзушылықтарды бекітудің жүйесін Шымкент қаласында орнатып, оған техникалық қызмет көрсетуді іске асыруда.

solutions integra clip image002 solutions integra clip image005

{mp4}INTEGRA-web|528|298|0{/mp4}