«СМЭУ Астана» ЖШС қалалық бейнебақылау жүйелерін әзірлеу, енгізу және қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізеді, оның мақсаты қаланың қоғамдық қауіпсіздігі, сондай-ақ жергілікті арнайы объектілерді күзету болып табылады.

Бейнебақылау жүйелеріндегі шешімдерді жобалау кезінде бейнебақылау саласындағы ең заманауи және инновациялық бағдарламалық-аппараттық құралдар қолданылады.
![]() |
![]() |
Астана қаласында пайдаланылатын технологиялардың эволюциялық дамуына байланысты компания мамандары Pelco Matrix, Pelco Entura, Milestone Enterprise, Milestone Corporation сияқты түрлі платформаларда салынған жүйелерді интеграциялау тәжірибесіне ие.
«СМЭУ Астана» ЖШС Agent VI компаниясының бейнеаналитика және BriefCam компаниясының бейнежазбасын өңдеу саласында оқытылған мамандары бар.

Компания Pelco, Arecont Vision, Avigilon, Axis, Samsung сияқты жетекші өндірушілердің бейнекамералары мен жабдықтарын, сондай-ақ радиоарна, аралас және оптоталшықты байланыс желілері арқылы бейне ақпаратты берудің түрлі тәсілдерін сәтті қолданады.
«СМЭУ Астана» ЖШС 500-ден астам жылжымалы және қозғалмайтын сыртқы бейнебақылау камераларын орнатты. Шымкент қаласында компания филиалы 200-ден астам бейнебақылау камерасын орнатты.

