ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

«СМЭУ Астана» ЖШС өнімдері Digital Qazaqstan 2026 көрмесінде ұсынылды (Шымкент қ.).

2026 жылдың 27 наурызында Шымкент қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы аясында ЕАЭО елдерінің премьер-министрлерінің қатысуымен болашақ өнеркәсіпті қалыптастыру және экономиканы цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналған Digital Qazaqstan 2026 форумы өтті. Форум Қазақстан Республикасының жасанды интеллектіні енгізуді, «ақылды қалаларды» дамытуды және бірыңғай цифрлық экожүйені құруды қоса алғанда, цифрлық технологияларды дамытуға арналған бағытын көрсетті.

Шымкент қаласының экспозициясы аясында қалалық цифрлық инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі ретінде «СМЭУ Астана» ЖШС әзірлеген Зияткерлік Көлік Жүйесі (ЗКЖ) ұсынылды. ЗКЖ жүйесі отандық қазақстандық әзірлеме болып табылады және көлік легін талдау және бағдаршам объектілерін бейімделген басқару есебінен «ақылды» технологиялар қағидаттарын іске асырады. Демонстрациялық режимде жол жағдайын мониторингілеу және бағдаршам объектілерінің фазаларын динамикалық басқаруды қоса алғанда, нақты уақытта жүйенің жұмысы көрсетілді. Жүйенің практикалық іске асырылуына, оның кептелістерді азайтуға, өткізу мүмкіндігін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ қолданылатын көлік детекторларының кең спектрі және олардың бейімделген басқарудың дұрыс жұмысын қамтамасыз етудегі рөлі көрсетілді. ЗКЖ жүйесі детекция, басқару және аналитика құралдарын бір жүйеге біріктіретін кешенді шешімді ұсынды. Жеке блокпен арнайы көліктің басымдықпен өту функциясы («жасыл дәліз») ұсынылды. Демонстрация барысында жедел медициналық жәрдем көлігін сүйемелдеу көрсетіледі, онда жүйе қозғалыс бағыты бойынша бағдаршамдардың рұқсат ететін сигналдарының қосылуын автоматты түрде қамтамасыз етеді. Осы механизм шұғыл қызметтердің келу уақытын едәуір қысқартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Демонстрация мемлекеттік органдардың және халықаралық делегациялардың өкілдерін қоса алғанда, форум қатысушыларының тарапынан жоғары қызығушылығын тудырды және көлік легін зияткерлік басқару саласында енгізілген шешімдердің практикалық тиімділігін растады.

Біздің кәсіпорын Intertraffic Amsterdam көрмесінде Teledyne FLIR компаниясының марапатына ие болды

 27-ші халықаралық Intertraffic Amsterdam көрмесінде – жол инфрақұрылымы, қауіпсіздік және жол қозғалысын басқару саласындағы әлемдегі ең ірі форумда – біздің кәсіпорын FLIR Systems Inc. (АҚШ) компаниясынан құрметті марапатқа ие болды.

 SMEU Astana Ltd. компаниясына берілген Ambassador FLIR ITS Solutions 2026 мәртебесі – компанияның FLIR ITS (зияткерлік көлік жүйелері) шешімдерінің серіктесі әрі амбассадоры ретіндегі ерекше жетістіктерін растайды.

 Жылу бейнелеу технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшының мұндай мойындауы SMEU Astana-ның Қазақстандағы жол қозғалысы мониторингінің озық жүйелерін енгізудегі құзыреттілігінің жоғары деңгейін көрсетеді.

 FLIR Systems (қазіргі уақытта Teledyne FLIR құрамына кіреді) — 50 жылдан астам тарихы бар жылу бейнелеу жүйелері мен бейне сенсорларын әзірлеу және өндіру саласындағы әлемдік көшбасшы. Біз осындай жоғары деңгейдегі сарапшылар тарапынан көрсетілген мойындауды мақтан тұтамыз. Бұл біздің жұмысымыздың жоғары стандарттарын және көлік саласындағы инновацияларға деген адалдығымызды растайды.

 FLIR сертификаты қоса беріледі.

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ!

          «СМЭУ Астана» ЖШС Жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық қолдауға қатысып, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласындағы филиалының қалалық басқармасына жаңа жылдық іс-шаралар өткізуге және мерекелік көңіл-күй сыйлауға ат салысып көмектесті.

БАЛАЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕГІ!

           «СМЭУ Астана» ЖШС қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысып, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар ретінде тәтті қорапшалар сатып алып, қайырымдылық көмек көрсетті.

Біз «Дар» Қоғамдық қорына 100 дана тәтті қорапша сатып алып, жеткіздік.

Республика күніне орай!

Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Өтебаев әріптестеріміз В.И.Масалевичиус, А.С.Ритум, А.М. Мережко және А.И.Мелингке Қазақстанның тұрақты дамуы мен жетілдірілуі жолындағы елеулі еңбектері үшін алғыс білдірді!

Әріптестерімізге бақ-береке, ашық аспан және мықты денсаулық тіледі!

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК!

 «СМЭУ Астана» ЖШС Қазақстан Республикасының Конституция күніне орайластырылған «Комек-Помощь» қайырымдылық акциясына қатысып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қайырымдылық көмек көрсетті.

Акция аясында «Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі балалар тұратын және тәрбиеленетін отбасылар үшін азық-түлік пакеттерін сатып алып, табыс етті.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына!

Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбек біздің қызметкерлеріміз К.Т. Журкеновке, Б.С. Абдрахманоқа Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды, сондай-ақ әскери шеруді жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді!

Елорданың игілігі жолындағы еңбектеріңіз бізге үлгі. Сіздер әрқашанда білім мен тәжірибелеріңізді тәуелсіз мемлекетіміздің, сондай-ақ ару қаламыздың гүлденуіне арнайсыздар.

Дендеріңізге саулық, отбасыларңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін!

«Құрылысшы күні» кәсіби мерекесіне орай

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е. Нагаспаевым өндірістік қызмет жөніндегі директордың орынбасары Д.К.Алдабергеновқа Қазақстан Республикасының құрылыс саласын дамытудағы ерекше еңбегі үшін грамотасын табыс етті.

Біз еліміздің игілігі үшін абыроймен қызмет етіп жатқан әріптесімізді мақтан тұтамыз.

«СМЭУ Астана» ЖШС директоры Самвелқызы Мона Османованың ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдында Шымкент қаласындағы «Зияткерлік көлік жүйесін енгізу» жобасының мәртебесі туралы баяндамасы.

2025 жылғы 11 сәуірде Президент Шымкент қаласына ресми жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Президент өңірдің бірқатар инфрақұрылымдық жобаларымен, оның ішінде «Зияткерлік көлік жүйесін енгізу» жобасымен танысты.

ЗКЖ - жол қозғалысын басқару жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуден (бұл біз авторы болып табылатын қазақстандық әзірлеменің инновациялық өнімі) және қаланың қиылыстарымен жарақтандырылатын әртүрлі типтегі детекторлық станциялардан тұратын бағдарламалық-аппараттық кешен.

Кешен үлкен қалалардағы көлік ағындарын зияткерлік басқару саласындағы әлемдік әзірлемелердің көпжылдық тәжірибесін біріктіреді.

Президент аталған іс-шаралардың өзектілігін атап өтті.

Біздің негізгі міндетіміз және іске асырылып жатқан іс-шаралар Шымкент қаласындағы көлік жағдайын жақсартуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Фотосурет: қоса беріледі.

БАҚ-тағы ақпарат бойынша сілтемелер:

- Қ.К. Тоқаевқа Шымкентте бағдаршамдарды басқарудың жаңа жүйесін көрсетті https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/tokaevu-pokazali-novuyu-sistemu-upravleniya-svetoforami-567549/

- https://t.me/aqorda_resmi/23827