МИССИЯ:
Қазақстан Республикасының барлық аумағында, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жол қозғалысын реттеу құралдары қызметі және құрылыс саласында инфрақұрылымды құру және дамыту, ілгері менеджмент және өндірісті және басқаруды тиімді ұйымдастыру.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР:
КОМПАНИЯ САЯСАТЫ:
Компания тұтынушылардың жеке талаптарын ескере отырып, жаңа технологияларды пайдалану және өндірістік процесстерді оңтайландыру есебінен өзінің өнімдерінің және қызметтерінің сапасын жақсартуда.
Компания ресурстарды және шығындарды оңтайландыру есебінен, сондай-ақ сапа менеджмент жүйесіне әсер ететін факторлардың өзгерісіне бірлескен реакцияның икемділігі және жылдамдығы есебінен құндылық жасауға қабілетті.
Компания және өнім берушілер арасындағы тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру мақсатына жету бойынша өзара тиімді әріптестік ұзақ мерзімді бірлескен қызметтің негізгі құндылығы болып табылады.
Шығарылатын өнімдердің және көрсетілетін қызметтердің қолданыстағы ISO 9001-2016 ҚР СТ Сапа менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ аталған жүйені қолдау және тұрақты жетілдіру.
Сапа менеджменті жүйесі менеджменттің 7 қағидатына негізделген:
- Тұтынушыға бағдарлану;
- көшбасшылық;
- жұмысшыларды қатыстыру;
- процесстік тәсілдеме;
- жақсарту;
- фактілерге негізделген шешімдер қабылдау;
- өзара қарым-қатынас менеджменті.
Басшылық сапа саласындағы саясатты жүзеге асырудың кепілі ретінде мынаған міндеттенеді:
Сапа менеджмент жүйесінің нәтижесі мен тиімділігін үздіксіз арттыру кезінде ISO 9001-2016 ҚР СТ талаптарына сәйкес әрекет ету.
Сапа саласындағы саясатты түсінуді қамтамасыз ету және барлық жұмысшыны өндірілетін өнімнің/қызметтің сапасын қамтамасыз ету және жақсарту бойынша қатыстыру арқылы оның барлық деңгейде іске асырылуы үшін қажетті шаралар қабылдау.
Аталған саясат компания қызметкерлерінің нарықтық жағдайда өмір сүру негізі ретінде сапа саласындағы мақсаттарға жетудегі күшін біріктіруге арналған.
«СМЭУ Астана» ЖШС-нің ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
«СМЭУ Астана» ЖШС басшылығы өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін ескере отырып, өндіріс кезінде қолданылатын және қосымша процестерде жүзеге асырылатын, технологияның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өз міндетіне алады.
Біз өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, өндірістің техникалық жағдайының ұдайы жақсартумен шешіліп жатқан мәселелерге кешенді тәсілдемені қолдануға, жылу және электр энергиясын, табиғи қорларды орынды және тиімді пайдалануға кепілдік береміз.
Қоршаған ортаны қорғау «СМЭУ Астана» ЖШС қызметінің негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Кәсіпорын аталған қағидатты Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына, қоршаған ортаға әсер етудің бекітілген нормативтеріне және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа талаптарға сай өндірістік қызметті іске асыру есебінен ғана емес, сондай-ақ
- Øөндірістік қызмет процесінде қоршаған ортаға зиянды әсер етудің алдын-алу;
- ØҚоршаған ортаны ластануды болдырмау және апаттық жағдайлардың болу мүмкіндігін жою;
- ØҚоршаған ортаға жүктемені үнемі азайту және табиғатты қорғау қызметі нәтижелерінің ұдайы жақсаруын қамтамасыз ету;
- ØӨндірістік экологиялық бақылау жүйесінің тиімді жұмыс жасауы;
- ØӨндіріс қалдықтарын оларды пайдаланудың және пайда болуының алдын-алудың басым бағыттарымен жарату жүйесін жетілдіру;
- ØЭкологиялық көрсеткіштердің жүйелі жақсартуға ұмтылу;
- ØРесурстарды тиімді пайдалану;
- ØКәсіпорынның экологиялық менеджментіне барлық қызметкерлерді қатыстыру;
- ØПерсоналдың ақпараттануын және біліктілігін арттыру.
Осы қағидаттарды сақтай отырып, «СМЭУ Астана» ЖШС бәсекелестерінің алдында қосымша артықшылықтарға ие болуға ұмтылады және кәсіпорынның тұрақты дамуына үлес қосатын болады.
Басшылық экологиялық саясатты іске асырудың кепілі ретінде мынаған міндеттенеді:
Компания өз жұмысында ISO 14001-2016 ҚР СТ стандартының талаптарын сақтайды, аталған жүйені істеп тұрған қалпында сақтайды және оның тұрақты жақсаруы үшін жұмыс жасайды
Осы саясат экологиялық менеджмент саласындағы мақсаттар мен міндеттерге қолжеткізуде барлық қызметкердің күшін біріктіруге, персоналға экологиялық білім беруге, нарықтық жағдайда өмір сүру шарты негізінде ұжымның әр мүшесінің қоршаған орта үшін мүдделігін және жеке жауапкершілігін қамтамасыз етуге арналған.