Бағдаршамның үздіксіз қуат көзі (ҮҚК)
Қазіргі уақытта Астана қаласында бағдаршам объектілерінде 150-ден астам үздіксіз қоректендіру көздері пайдаланылуда, олардың міндеті электр энергиясын беру авариялық тоқтатылған кезеңде (4-тен бастап 8 сағатқа дейін) бағдаршамдардың жұмысын үздіксіз қолдау болып табылады. Бұл техникалық шешім қаланың орталық қиылыстарында бағдаршамдарды жоспардан тыс өшіру фактілерінің санын айтарлықтай азайтты. Техникалық шешім VICTRON ENERGY жетекші өндірушілерінің бірінің жабдықтарын негізге алды. Бір қызығы, бұл жабдықтың өзіндік байланыс модемі бар және қалалық жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесімен (ЖҚБАЖ) біріктірілген, бұл диспетчер мен техникалық персоналға бағдаршам объектілерінің электрмен жабдықталу жағдайын қашықтан бақылауға мүмкіндік береді.
![]() |
![]() |

