ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

«СМЭУ Астана» ЖШС-нің мақсаты қаланың қоғамдық қауіпсіздігі, сондай-ақ жергілікті арнайы объектілерді қорғау болып табылатын қалалық бейнебақылау жүйелерін әзірлеу, енгізу және қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізуде.

image001

Бейнебақылау жүйелерінде шешімдерді жобалау кезінде бейнебақылау саласында ең заманауи және инновациялық бағдарламалық-қамсыздандыру құралдары қолданылады.

Axis2 Camera Axis

Астана қаласында пайдаланылатын технологияның эволюциялық дамуына байланысты компания мамандарының Pelco Matrix, Pelco Endura, Milestone Enterprise, Milestone Corporation секілді түрлі платформаларға құрылған жүйелерді интеграциялау тәжірибесі бар.

«СМЭУ Астана» ЖШС-нің Agent Vi компаниясының бейнеталдауыш және BriefCam компаниясының бейнежазбаны өңдеу саласында оқыған мамандары бар.

Avigilon

Компания Pelco, Arecont Vision, Avigilon, Axis, Samsung секілді жетекші өндірушілердің бейнекамераларын және жабдықтарын, сондай-ақ бейнеақпаратты радиоарна, құрамдастырылған және оптикалық талшықты байланыс желілері арқылы берудің түрлі әдістерін сәтті қолданады.

«СМЭУ Астана» ЖШС 535 жылжымалы және жылжымайтын сыртқы бейнебақылау камерасын орнатты. Шымкент қаласында компания филиалы 228 бейнебақылау камерасын орнатты.

«СМЭУ Астана» ЖШС-нің бағдарламалық қамсыздандыруды және бейнебақылау жүйелерінің жабдықтарын жеткізуге, құрастыруға, қолданысқа енгізуге және техникалық қызмет көрсетуің отандық өнім берушінің куәлігі бар.