ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

Команда құру

2018 жылғы маусым айында компания ұжымы белсенді, рухы мықты, жарысты, спортты және адал бәсекелестікті сүйетін қызметкерлер спорттық тимбилдингпен қоса «Құлагер» демалыс орнында демалыс уақытын өткізді.

Тимбилдинг – бұл ұжымды ортақ мақсатқа қолжеткізуде бірлесіп белсенді қызмет жасауды үйрететін, топтық ойындарға және қызықты оқиғаларға, психологиялық (ойын) тренингтеріне негізделген корпоративтік мереке.

Бұл күні біз таза ауада демалып, дәмді тамақтандық, әңгімелестік, топтармен жарысып, жүлделі орындарды иеленіп уақыт өткіздік, бірақ ең бастысы біз - үлкен, ынтымақты, тату, жұмыс жасай және демала білетін ұжым екенімізге тағы бір мәрте көз жеткіздік.