ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

Жол қозғалысын басқарудың зияткерлік жүйесі Swarco Inc компаниясының ITS аясындағы отандық өндірушінің арнайы бағдарламалық қамсыздандыруын және жол қозғалысын ұйымдастыру және басқару бойынша жоғары технологиялық жабдықтың өзара байланысты кешенін білдіреді.

Жүйенің негізгі арналымы:

1. Көлік іркілістерін азайту мақсатында реттелетін бағдаршамдық объектілерде қозғалысты оңтайландыру;
2. Жол жүруге жұмсалатын уақытты қысқарту;
3. Қоғамдық көлікті пайдалану жылдамдығын арттыру.

Бағдарламалық-аппараттық қамсыздандыру мынадай қосымша жүйелерді қамтиды: жол қозғалысын орталықтандырылған басқару, көліктік жағдайды бейнебақылау және бақылау жүйесі, ауыспалы ақпарат белгілерін басқару. Болашақта автокөлік паркингтерін, қоғамдық көлікті, соның ішінде LRT және BRT басым өту жолын ұсынумен, жолаушыларды ақпараттандыруды басқарудың ішкі жүйелерін қосымша енгізу жоспарлануда.

Бар жүйенің жұмысы детекторлардан түсетін ағымдағы мәліметтерді, бұрын пайдалану процесінде жиналған мәліметтерді, сондай-ақ егер басымдық бағдарламасы іске қосылса, қоғамдық көліктің навигациялық жабдық мәліметтерін жинауға және талдауға негізделген. Барлық ақпарат Трафикті басқару орталығына (ТБО) түседі, ол жерде қалада бар жол қозғалысын келісімді басқаруы іске асырылады.

Арнайы бағдарламалық қамсыздандыру бағдаршам объектілерін басқарудың жол бақылаушыларының жұмысын үйлестіреді және бейімді режимде, сондай-ақ үйлестіру жоспарын таңдау режимінде қозғалысты реттеуге мүмкіндік береді.

ITS 2

WAVETRONIX радиолокациялық көлік детекторы

TrafiCam x-stream vert front

FLIR көліктік бейнедетектор

Жол қозғалысын басқарудың зияткерлік жүйесі көлік детекторларынан үздіксіз түсіп тұратын мәліметтерді пайдаланады және шынайы уақыт режимінде қажетті есептеулерді жүргізеді. Осылайша, жүйе ағымдағы көліктік жағдайға жауап қайтарып, қозғалысты оңтайландырудың жаһандық міндетін шешеді. Жеке бағдаршам объектісінің жергілікті деңгейінде жүйе осы және онымен көршілес объектілерінде үнемі жаңарып отыратын ағымдағы ақпаратқа байланысты ТБО әзірлеген басқару стратегиясын үнемі түзетеді.

ITS
Трафикті басқару орталығын ұйымдастырудың мысалы