ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ
        ҚАУІПСІЗДІК!

Жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі бағдаршам жабдығы арқылы жол қозғалысын басқаруды іске асыратын заманауи бағдарламалық қамсыздандыруды білдіреді. Бұл бағдарламалық қамсыздандыру:

1. Астана қ. көшелерімен VIP және арнайы сап қозғалысының артықшылығын;
2. Жұмыс жағдайы мен режимін визуалды көрсете отырып, бағдаршам объектілерін картографиялық бейнелеуді;
3. Бағдаршам объектілерінің бірыңғай жұмыс уақытын синхрондауды;
4. Шалғайдағы жұмыс орнынан бағдаршам объектілерінің жұмыс режимдерін өзгерту немесе жаңартуды;
5. Диспетчерді хабарландыра отырып, бағдаршам объектісін бақылау және ақаулығы туралы хабарландыруды қамтамасыз ету мақсатында бағдаршам объектісін немесе объектілер тобын автоматты және қолмен басқаруды орындау мүмкіндігін береді.

«СМЭУ Астана» ЖШС Астана және Шымкент қалаларында жол қозғалысын басқарудың автоматты жүйесін сәтті қолдануда. Сондай-ақ компания осы жүйеге техникалық қызмет көрсетуді іске асыратын болады.

arm3 arm4